«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 27 мамырда түнде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 27 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.