«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 25 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.