Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 23 мамырда түнде Жамбыл облысында батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 23 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.