«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22 мамырда түнде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 22 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.