«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 21 мамырда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қаупі облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында сақталады, облыстың орталығында күтіледі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Тараз қ.: 21 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.