«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 16 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.