«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10-11 мамыр аралығында Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы мен өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Ескертпе: cу деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.