Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 08 мамырда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.