Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 02 мамырда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі облыстың орталығында сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде күтіледі.
Тараз қ.: 02 мамырда өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.