«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 01 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 01 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.