«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 27 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.