«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 26 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 26 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с.