«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 25 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Онтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.