«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 23 сәуірде Жамбыл облысының жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 23 сәуірде жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.