«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22 сәуірде таңертең және күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.
Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 22 сәуірде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.