«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 21 сәуірде таңертең және күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 21 сәуірде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз таңертең және күндіз 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.