«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 19 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.
Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 19 сәуірде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.