«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 18 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында 1 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 18 сәуірде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.