«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 17 сәуірде Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Тараз қ.: 17 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
17 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында түнде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.