Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 16 сәуірде түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 16 сәуірде жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.