«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 15 сәуірде таңертең және күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 15 сәуірде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.