«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 09 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 09 сәуірде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.