«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 08 сәуірде түнде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 08 сәуірде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.