«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 06 сәуірде түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың орталығында, солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 06 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.