«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 02 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.