«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 31 наурызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 31 наурызда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.