«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 29 наурызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.