Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 24 наурызда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, күндіз таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 24 наурызда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.