«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 11 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, қар, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде облыстың таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 11 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.