«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10 наурызда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Тараз қ.: 10 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.