«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 06 наурызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 06 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.