26.02.2026 ж. сағат 09:30-дан Қордай ауданы, ауа райының нашарлауына байланысты (қалың қар, боран, көрінудің шектелуі) «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар а/д 159 км. (а. Кенен) - 238 км. (а. Қайнар) аралығындағы қозғалыс автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін жабылады. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы балама бағытта жүзеге асырылатын болады.