«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 17 ақпанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 17 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.