Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 16 ақпанда түнде Жамбыл облысында оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 16 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.