«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 13 ақпанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 13 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.