Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар), таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 12 ақпанда кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, көктайғақ күтіледі.