Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 08 ақпанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 08 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.