«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 07 ақпанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 07 ақпанда кей уақыттарда тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.