«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 06 ақпанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Тараз қ.: 06 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
06 ақпанда түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.
Тараз қ.: 06 ақпанда күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.