Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 02 ақпанда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 02 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.