«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 29 қаңтарда түнде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 29 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.