Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 27 қаңтарда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстіқ-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 27 қаңтарда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.