«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 26 қаңтарда түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 26 қаңтарда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.