«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 25 қаңтарда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз батысында, оңтүстігінде көктайғақ, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 25 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.