«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 23 қаңтарда түнде Жамбыл облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың таулы аудандарында қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 23 қаңтарда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.