Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 12 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.