«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 10-11 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 10 қаңтарда облыстың таулы аудандарында, 11 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 10-11 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.