«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 29 желтоқсанда Жамбыл облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 29 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.