Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 27 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 27 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.