«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 26 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарда кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Тараз қ.: 26 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.